Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Марғауға арнайы азық не үшін қажет

Марғауға арнайы азық не үшін қажет

Марғаудың денсаулығы мен көңіл-күйіне дұрыс тамақтану мен сіздің баққаныңыз әсер етеді. Жануардың дені сау болып өсуі үшін өмірдің алғашқы күндерінен бастап толыққанды рационның қамын ойлау керек.

Мысыққа, әсіресе марғауға, тіпті ең пайдалы болса да, адамның тамағын бермеген жөн. Бұл жерде екі себеп бар. Біріншіден, марғаудың ас қорыту жүйесі біздікінен қатты өзгешеленеді. Екіншіден, үй тамағында марғауға қажетті құнарлы заттардың теңгерімін ескеру қиын.

Сондықтан кішкентайға оның құнарлы заттар мен қуатқа деген артып келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ететін тамақ керек. Дәрумендер, ақуыздар, майлар, көмірсулар мен минералды заттардың осындай теңгерімі мысықтарға арналған өнеркәсіптік азықтарда сақталған.

Денсаулығы мен дамуы

Марғау тез өседі. Сондықтан марғауларға арналған Whiskas® рациондарының ересек жануарларға арналған азықпен салыстырғанда энергетикалық құндылығы көбірек болады.

Онда жануар үшін жүрекке, буындарға, теріге және ас қорытуға пайдалы құнарлы заттардың оңтайлы үйлесімі бар:

  • Кальций және фосфор марғаудың қаңқасы белсенді дамып келе жатқанда тіс пен сүйек денсаулығын қамтамасыз етеді.
  • Май қышқылдары (Омега-6) мен мырыш тері мен жүннің саулығын қамтамасыз етеді.
  • Өткір көру қабілеті үшін қажетті, бірақ марғаудың ағзасы өндірмейтін А дәрумені мен таурин.

Мықты иммунитет

Ана сүтін емуді тоқтатқан марғаудың иммунитеті біртіндеп әлсірейді. Оның үстіне, табиғатынан қызыққұмар жануар жаңа әлемді зерттейді және ауру қоздырғыштардың әсеріне тап болуы мүмкін.

Сондықтан дұрыс тамақтандырудың көмегімен жануардың иммунитетін сақтау керек.

Марғауларға арналған Whiskas® рациондарында марғаудың иммунитетін сақтайтын Е дәрумені бар.

Кішкентай талғампаздарға арналған дәмдер

Ылғалды ет рациондары

Сіздің жануарларыңызға марғауларға арналған ылғалды Whiskas® рациондары — паштет және тұздықтағы немесе тоңбадағы жұмсақ кесектер ұнайтынына сенімдіміз. Азықтың нәзік консистенциясы ана сүтінен қатты тамаққа ауысуды табиғи етеді. Ең кішкентайларға арналған Whiskas® ылғалды рациондарының көптеген дәмдерінің арқасында марғаудың тамағы алуан түрлі болады.

Құрғақ сүт қосылған жастықшалар

Марғаудың рационына біртіндеп құрғақ азықты енгізу керек: ондағы жасұнық қалыпты ас қорытуға мүмкіндік береді, ал түйірлердің ерекше пішіні тіс пен қызыл иек саулығын сақтауға көмектеседі.

Кішкентай жануарыңызды Whiskas® «Сүт қосылған дәмді жастықшалар» құрғақ азығымен қуантыңыз — құртақандай марғаулар сүттен жасалған нәзік салмасы бар осы жастықшаларды өте жақсы көреді.

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ

Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады
Марғауды қалай дұрыс тамақтандыруға болады

Әрбір марғау иесі осы балақайдың қандай мөлшерде тамақ жей алатынына көп мәрте таңғалған шығар! Кіп-кішкентай тіршілік иесі шамасын сезу дегенді білмейді. Қалай оны аш қалдырмауға және артық тамақ жеп қоймайтындай етуге болады?