Қайдан алуға болады
Whiskas - котики ждут подарки!
Азық туралы шынайы

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қаптамадағы «100% табиғи ингредиенттер» деген жазу нені білдіреді?

Whiskas азықтарында табиғи ингредиенттер қолданылады: ет және субөнімдер, дәнді дақылдар, көкөністер, дәрумендер және минералды заттар. Осы құрам Waltham® халықаралық ғылыми орталықтың көп жылдық зерттеулеріне негізделген.

Whiskas азығы — бұл:

  • Ингредиенттердің шығу тегі тек табиғи (өсімдіктерден, жануарлардан, микроағзалардан және минералдардан алынған).
  • Өндіру немесе сақтау кезінде ешқандай қоспа қосылмайды.
  • Өнімге тек табиғи құрамын сақтайтын физикалық өңдеу жасалған.
  • Мысықтар тез үйреніп алатын жасанды бояғыштар, хош иістендіргіштер және қоспалар жоқ.

2. Теңдестірілген және толыққанды азық деген не?

Мысықтар — етқұмар жануарлар, сондықтан құрамында аздап көмірсулар болатын ақуызы көп диетаны қажет етеді. Мысықтың тамақтануының маңызды ерекшелігі жануардың ағзада өздігінен тауринді — цистеин мен метионин амин қышқылдарынан пайда болатын сульфо қышқылды синтездеу қабілетінің болмауында жатыр. Тауриннің жетіспеушілігі міндетті түрде рационда толықтырылуы тиіс.

Теңдестірілген азықта мысыққа қажетті мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттар бар. Мұндай азық дастарханнан тамақ беру немесе минералды-дәрумендер кешенін беру сияқты қосымша тамақты қажет етпейді, керісінше ағзада, мысалы семіздік сияқты проблемалардан аулақ болу үшін оларды шектейді.

Whiskas азығы мысықтың ағзасында түрлі заттардың тапшылығына немесе артық мөлшеріне жол бермеу үшін 40 көрсеткіш бойынша теңдестірілген. Мысықтарды бақылап, зерттей отырып, біз олардың тамақтану ерекшеліктерін біліп аламыз да, сол білімді азығымызды жасау кезінде қолданамыз.

3. Не пайдалырақ: ылғалды немесе құрғақ азық?

Азықтың екі түрі де ағзаға пайда әкеледі, ал мысық рационы үшін ең жақсы нұсқасы — құрғақ және ылғалды азықты кезектестіріп беру болып табылады.

Ылғалды азық ағзадағы су теңгерімін сақтайды және несеп шығару жүйесіндегі аурулардың асқыну тәуекелін төмендетеді. Ондағы калориялар құрғақ азықтағымен салыстырғанда 5 есе аз, сондықтан мысықтың салмағын қадағалау оңай.

Құрғақ азық жануардың тісін тазарту және қызыл иегін бекіту үшін пайдалы, ол ас қорытуды жақсартады және ішек жұмысын қалпына келтіреді.

Марғауды таңертең және кешкі уақытта ылғалды азықпен, ал күні бойы құрғақ азықпен тамақтандыруға кеңес береміз. Жануар үшін әрдайым таза су құйылған ыдыс үнемі дайын тұруы тиіс екенін есте сақтаңыз. Мысықтардың дәм талғамы тез ауысатынын ескере отырып, оларға алуан түрлі дәмдерді қамтамасыз ету қажет. Сіз ылғалды азық рационын әр түрлісімен – тоңбадан паштетке дейін және рагудан тұздықтағы кесектерге дейін түрлендіре аласыз.

4. Неліктен мысыққа дастархандағы тамақты бермеген жөн?

Біз мысыққа өзіміз жейтін тамақты бергіміз келгенде, ағзаларымыздың әр түрлі екенін ұмытамыз. Адамның ас қорыту жүйесі қуырылған, қақталған, тәтті немесе өткір тамақты қорытуға қабілетті. Мысықтың ағзасы болса — жоқ. Сондықтан мысыққа үстелдегі тамақты бере отырып, сіз жануарыңыздың ас қорыту жолының жұмысын және зат алмасу жүйесін бұзасыз. Ал біз жейтін өнімдердегі дәмдеуіштер, майлар немесе тіпті тұздың көптігі асқазан, бауыр және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

Сондықтан мысықтарға ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттардың белгілі бір нормасы бар теңдестірілген тамақ қажет. Whiskas азығы мысықтың ағзасында түрлі заттардың тапшылығына немесе артық мөлшеріне жол бермеу үшін 40 көрсеткіш бойынша теңдестірілген. Онда майлар, ақуыздар, көмірсулар, Омега-6 және Омега-3 май қышқылдары, макро- және микроэлементтер, майда ерігіш (A, D, E) және суда ерігіш (B тобы) дәрумендер, таптырмайтын амин қышқылдары бар. Үй тамағын жануарыңыздың денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп теңдестіру мүмкін емес десе де болады.

Кейбір өнімдер мысықтар үшін өте қауіпті екеніне назар аударыңыз:

  • Шоколад жүрек ырғағын бұзады, қатты шөлдетеді және оның салдарынан несеп шығару жиілей түседі.
  • Пияз бен сарымсақ эритроциттерді бұзатын және гемолиздік анемия туғызатын заттардан тұрады.
  • Жүзімде бүйрек жетіспеушілігіне алып келетін токсиндер болады.
  • Макадамия жаңғағы әлсіреудің, лоқсудың, температура көтерілуінің және қозғалыстың бұзылуының себебі болуы мүмкін.
  • Сүт асқазан-ішек жолының жұмысын бұзады, ішті өткізеді.
  • Қант алмастырғыш ксилит инсулиннің артық секрециясын туғызады, бұл лоқсуды, бұлшықет тартылуын, қимыл-қозғалыс үйлесімдігінен және тіпті естен айырылуды туғызуы мүмкін.
  • Алкоголь тахикардияны тудыруы, қимыл-қозғалыс пен тыныс алу үйлесімдігін бұзуы мүмкін.
  • Ашытылған нан ас қорыту жолында газдың пайда болуын арттырады.
  • Шикі жұмыртқада, ет пен сүйекте патогенді бактериялар болуы мүмкін. Жұмыртқа ақуызы ақуыздардың сіңуіне кедергі келтіреді; шикі сүйектер ас қорыту жолын зақымдауы мүмкін.