Мысықтың дені сау болуы үшін мамандардың кеңесі арқылы оған дұрыс және теңдестірілген азық таңдаңыз.
Мысықтың денсаулығы үшін таурин өте маңызды. Неге екенін талқылайық.
Таурин — мысықтың денсаулығына қажетті амин қышқылы. Адам ағзасына қарағанда бұл органикалық қосылыс мысықта синтезделмейді. Бұл ретте таурин тіндердің көбінде, әсіресе бұлшықеттерде, соның ішінде жүрек бұлшықетінде болуы тиіс.
Таурин амин қышқылы 1826 жылы ірі қара мал өтінің құрамында ашылған болатын (лат. taurus — бұқа). Алайда бұл үлкен жаңалыққа айналмады, өйткені адамның ағзасында таурин жеткілікті мөлшерде өздігінен синтезделеді. Адамдар тауринді зерттеуге 20-ғасырдың ортасында ғана кірісті, ол мысықтарға арналған алғашқы азықты жаппай өндіру басталған кез болатын. Мысықтар соны жеп көп ауырды, содан кейін жануарлардың тамағында таурин жетіспейтіні анықталды. Үй мысықтары тауринді ала алмайды, өйткені олар тканьдерінде таурині бар егеуқұйрықтарды немесе тышқандарды ауламайды. Қажетті амин қышқылын толықтыру үшін заманауи теңдестірілген азыққа таурин қосылады.
Көру
Көз торында мысық көретін сурет қалыптасады. Тауриннің жетіспеуі тор дегенерациясын тудырып, соқырлыққа апарады.
Жүрек
Таурин жасушаларға кальцийдің түсуі мен шығуын реттейді және жүректің қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Амин қышқылының жетіспеуі мысықтардың кардиомиопатиясын туғызады.
Көбею
Дұрыс ұрықтану және жүктілік пен босанудың дұрыс өтуі үшін таурин қажет. Ол жетіспеген кезде патология мен түсіктер болуы мүмкін.
Ас қорыту
Таурин бауырдағы өт қышқылдарының синтезіне, майлардың ыдырауы мен сіңуіне қатысады, сондықтан ол мысық ағзасы үшін қажет.
Жалпы жағдай
Таурин — маңызды антиоксидант, сондықтан ол иммунитетті сақтайды.
Тауриннің жетіспеушілігін өз бетімен анықтау қиын. Ең алдымен осы амин қышқылының жетіспеуінен көру қабілеті және жүрек жұмысы зардап шегеді. Және егер де көру қабілеті біртіндеп төмендейтін болса, оны мысықтың иесі байқауы мүмкін, ал жүрек мәселесін ветеринарлық дәрігердің қатысуынсыз анықтау мүмкін емес.
Табиғатта таурин шикі етте және субөнімдерде болады. Алайда шикі етті мысыққа берудің қажеті жоқ, онда зиянды бактериялар немесе паразиттер болуы мүмкін. Онымен қоса мұндай тамақтану ақуыздың артық мөлшеріне алып келуі мүмкін.
Whiskas теңдестірілген азықтарында таурин мысық денсаулығы үшін қажетті мөлшерде болады. Біздің азық таурині бар қосымша дәрумендік кешенді қажет етпейді, сондықтан сіз сүйікті жануарыңыз денсаулығы үшін қажеттінің бәрін алады деген сенімде бола аласыз.
Мысықтың дені сау болуы үшін мамандардың кеңесі арқылы оған дұрыс және теңдестірілген азық таңдаңыз.
Сіздің мысығыңыз қандай су ішетініне назар аударыңыз. Оның денсаулығы судың сапасына байланысты.
Мысықтар кез келген тамаққа және тіпті сүйектерге де қызығушылық танытады. Оларды мысыққа беруге бола ма, соны талқылайық.